Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
Бос орындар
View the embedded image gallery online at:
https://sad11.edu.kz/bos-oryndar.html#sigFreeId39b60dd586

Мектепке дейінгі ұйымдағы бос орын  тәрбиешілер қызметіне

конкурс жариялау туралы  хабарландыру

Конкурстың басталу күні: 02.10.2023

 

Қостанай облысы әкімдігі  білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 7-шағын аудан 14а мекен-жайында тәрбиеші қызметін атқаратын бос орынға конкурс жариялайды.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша -1тәрбиеші.

Лауазымдық міндеті: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

Орын жайларында және балалар серуендейтін алаңдарда өзіне сеніп тапсырылған балаларды қатаң түрде балалар өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулық талаптарына сәйкес қадағалайды.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (болған жағдайда);
Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне және санатына байланысты  штат кестесіне сәйкес.
Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, еңбек өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, аттестаттау, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) ұсына алады. жұмыс және т.б.).

Е-mail: sad11@kst-goo.kz
Байланыс телефоны: 87142-22-66-54; 87142-22-74-50


 Өтілген күні: 27.07.2023

View the embedded image gallery online at:
https://sad11.edu.kz/bos-oryndar.html#sigFreeId9c5f31da52


Қостанай облысы әкімдігі  білім басқармасының

«Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

педагогтерін лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату конкурсы

№2 хаттама

 

Өтілген күні: 08.09.2022

                                                      

Уақыты: 13 сағ. 30 мин                                                        Қатысқандар:7

                                                                                                  Себепті: 0

                                                                                                  Себепсіз:0

 

Төрайымы: 

1.Боранбаева Ажар Кушековна - мектепке дейінгі оқыту  секторының басшысы;

Төрайымның орынбасары:

2.Сатымбаева Айгуль Кайруловна - директор міндетін атқарушы, әдіскер

Мүшелері:

3.Меден Тілеужан- әдіскер.

4.Утетлеуова Гульсм Шадаевна -педагог-эксперт;

5.Сулейменова Кулпаш Шаркеновна -педагог-эксперт.

Хатшы:

6.Акышова Актоты Ауданбековна - педагог-психолог.

 

Күн тәртібінде:

1.Мемлекеттік білім беру ұйымына педагогтерін  лауазымына тағайындау және босату туралы;

2.Конкурс ұйымдастыру тәртібімен және қатысушыларының құжаттарымен танысу;

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, әдіскер Меден Тілеужан сөйледі.

"Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы негізімен және комиссия құрамымен таныстырды. (материал тіркелді)

 

 

 

 Төрайымы: 

  1. Боранбаева Ажар Кушековна - мектепке дейінгі оқыту секторының басшысы;

Төрайымның орынбасары:

  1. Сатымбаева Айгуль Кайруловна - директор міндетін атқарушы, әдіскер

Мүшелері:

  1. Меден Тілеужан- әдіскер.
  2. Утетлеуова Гульсм Шадаевна -педагог-эксперт;
  3. Сулейменова Кулпаш Шаркеновна -педагог-эксперт.

Хатшы:

Акышова Актоты Ауданбековна – коммиссия мүшесі болып тағайындалғандығы туралы таныстырылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша,  Ажар Кушековна -мектепке

дейінгі оқыту  секторының басшысы конкурс ұйымдастыру тәртібімен таныстыра отырып , педагогтерін лауазымға тағайындау,лауазымнан босату конкурсының 02.09.2022 жылы бөбекжайының сайтына және инстаграмм парақшасына  денешынықтыру нұсқаушысы және музыка жетекшісі бойынша жарияланғандығын, айтты. https://www.instagram.com/p/Ch_vcvFgnG7/ Және үміткер қатысушылардың портфиолары ұсынылып, қатысушы 2 үміткермен әңгіме-сұхбат жүргізілді. (материал тіркелді)

Әдбрахман  Ақбота Айтбайқызы

Білімі: арнайы орта, оқуы іштей  Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлфқ колледжі 2011-2015 жылдары және жоғары Ы. Алтынсарина атындағы Арқалық қалалық мемлеуеттік институты 2015-2018 жылдары   оқуы сырттай. Мамандығы аспаптық орындау және музыкалық өнер, балалап музыка мектебінің оқытушысы, оркестр әртісі.  Педагогикалық тәжірибесі 4жыл.

Хайдарұлы Азат Білімі: жоғары, А. Байтурсынова Қостанай өңірлік университеті Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты мамандығы  денешынықтыру және спорт

Ұлттық біліктілік тестіден өтті. Педагогикалық тәжірибесі жоқ.

Сөйледі: 

Сатымбаева Айгуль Кайруловна - директор міндетін атқарушы, әдіскер. Бөбекжайымызда штаттық кестеге сәйкес денешынықтыру нұсқаушысы және музыка жетекшісі лауазымды қызметте бос орын бар екендігін және басқа үміткерлер жоқ болғандықтан екі үміткерді де жұмысқа қабылдау керектігін айтты.

Комиссия шешімі:

  1. Мемлекеттік білім беру ұйымына педагогтерін лауазымына тағайындау және босату туралы ережесі қатаң сақталынсын;

Мерзімі: үнемі Жауапты: комиссия мүшелері

  1. Конкурстың талаптарына сәйкес келген үміткер Әдбрахмен А.А., музыка жетекшісіне Хайдарұлы А. денешынықтыру нұсқаушысына мединциналық картасының дайыне болуына байланысты бұйрық шығарылсын, жұмысқа қабылдау құжаттары әзірленсін.

Мерзімі:қыркүйек 2022 Жауапты: Меден Т.

 

Комиссия отырысының шешімінің қорытындысына бір ауыздан келісілді.