Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
Әдістемелік қызмет
Атауы Жүктеу
1 ИМП 23-24 pdf

 

Асық технологиясы

      

      Инновациялық технологияда ең маңыздысы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолданып, нәтижелі тәрбие мен білім беру, білім сапасын арттырады. Бұл орайда №11 бөбекжай-бақшасының ұжымы асық технологиясы бүлдіршіндерді дамытуға қажетті бірегей методикалық құрал екеніне көз жеткізді.  

 Асық ойыны – ұлттық спортымыздың бір түрі. Асық ойыны-қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген. Асық- дегеніміз не? Асық – төрт түлік мал мен аңдар тілерсегінде болатын, бітісі бөлек, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Ешкі, қой, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан сыртқы формасы бір пішіндес, мүсіндес зат.  Ал, денсаулыққа тигізер пайдасы өте зор. Асық ойыны баланы ең бірінші шапшаңдыққа, ептілікке баулиды. Үнемі қозғалыста болғандықтан денесі шынығады, көздің алыстан көру қабілеті артады, ағзасы тынығады, мергендікке үйренеді, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы жеңілдеп, бұған қоса аяқ-қолдың қимылы жақсарады.

   Асық технологиясы – балаларды дамытуда тиімді. Асықты сауықтыру, тәрбиелеу, оқытуда қолдануға болады. Бұрын ата-бабамыз асықты ойын ретінде пайдаланған. Қазір асықты тек ойынға емес, оқу құралы ретінде пайдалануға да болады. Өйткені балаға ешқандай зияны жоқ, жан-жағы жұмыр, қолдарын жырып алмайды және ол еш қоспасыз таза өнім.

        Асық-қолдың ұсақ моторикасын дамытады. Ми жұмысының белсенділігін арттыруға көмектеседі.

       Мақсаты: Рухани жаңғыру мақаласы  аясында атадан балаға мирас болып келе жатқан асықтар ұлттық тәрбиеге жатады.Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабі­леті артады, эстетикалық тал­ғамы дамиды және бір-бірімен бәсекелесіп орындау барысын­да шапшаңдыққа үйренеді. Балалардың қимыл-қозғалысын реттеу­ге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөз­дік-логикалық ойлау­ды сатылай қалып­тастыруға, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға, сабырға, бір­лесе әрекет етуге тәр­­­­биелейді. Балалардың рухани дамуымен қатар физикалық дамуына септігін тигізеді. Асық технологиясы бес білім беру саласында қолдануға қарастырылған.

Асық технологиясы  «Таным»  білім беру саласы бойынша қарапайым логикалық-математикалық түсініктерді қалыптастыру және интелектуалды-шығармашылық қабілетті дамытады.Осы сала бойынша балалардың тапсырманы стандартты емес жолмен деген ұмтылысын,тапқырлығын,зеректігін,ұғымталдығын дамытуда бірден-бір тиімді әдіс.Кеңістікті бағдарлау арқылы асықты ұяшықтарға орналастыру, шертіп ату,санау, топтау және жіпке тізу баланың саусақ буындарына өте пайдалы .Бұл ойындар арқылы баланың қиялы мен ойы, ұшқырлығы, зейіні жан-жақты дамиды.

   Кіші топтарда - бала боял­ған асық арқылы түстерді ажырата білуді үйренеді. Ал асықты ұяшықтарға салу баланың саусақ буындарына өте пайдалы. Балалар боялып, тесілген  асықтарды бір түстен, жіпке өткізіп, тізбектейді. Тізу арқылы бала түстерді бір-бірінен ажырата алады, қолының ұсақ моторикасы дамиды. Саусақтарымен жұмыс жасау арқылы, саусақтары иіл­гіш болып жаттығады, затты жіпке тізу, өткізу дағдысы қалыптасады. Мұның бә­рі баланың қиялы мен ойын, ұш­қырлығын, зейінін жан-жақты дамытады.

Ортаңғы топтарда боялған үлкен, кіші асықтар арқылы, заттардың көлемін, кеңістікті бағдарлай білуге, логикалық ойлау­ды қалып­тастыруға көмектеседі. 1ден 5ке дейін тура және кері санауға дағдыланады.

Ересек топтар  үшін тапсырма қызықты әрі пайдалы. Баланың логикалық ойлауы, көзбен көру арқылы есте сақтау қабі­леті артады, эстетикалық тал­ғамы дамиды және бір-бірімен бәсекелесіп орындау барысын­да шапшаңдыққа үйренеді және 10 саны көлеміндегі сандар мен цифрлар туралы ұғымдары қалыптасады, оларды танып және атай білуге, 1және 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санап жаттығады, заттарды салыстыру арқылы мөлшерін анықтай білуге үйренеді.

Мектепалды даярлық топтарда құ­рас­тыруға, санның құрамын ажыратуға, логикалық тапсырмаларды шешуге, реттік санауға, затты санмен сәйкестендіруде қабілеттерін дамытады.

Түрлі-түсті санамақ

  • Бұл ойын балаларды ағылшын тілінде санауға түстерді ажыратуға дамытады;
  • Асықтарды түсіне байланыстыра отырып тізбектеуге баулыйды;
  • Саусақ моторикасын жаттықтырады;
  • Ұқыптылыққа шыдамдылыққа тәрбиелейді;
  • Санауға, түстерді ажыратуға үйретеді;

Асық баланы қол өнер шеберлігіне баулып, ойлау қабілетін күшейтеді. Боялған асықты жіпке тізбектей отырып  әдемі мойыншақ жасауға да болады.

Қортындылай келе Ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып дұрыс насихаттау.Қорытындылай келе, «Рухани жаңғыру» аясында ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарымызды дәріптеуді, соның ішінде асық ойындары арқылы және де асықтан жасалған бұйымдарды баланы оқу құралы ретінде жан-жақты дамытуға пайдаланып қайта жаңғыртсақ пайдасы мол болады.

View the embedded image gallery online at:
https://sad11.edu.kz/distemelik-yzmet.html#sigFreeId4475dd9e85

View the embedded image gallery online at:
https://sad11.edu.kz/distemelik-yzmet.html#sigFreeIdf5d1f18436

 





Название Скачать
1 «Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы ұйымдастырылған оқу қызметінің тиімділігін арттыру»  .pptx 
2 “Мектеп жасына дейінгі балалардың дарындылығын дамыту” .docx
3 «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі .docx
4

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жаңгырту жағдайында Коммуникация білім беру саласындағы заманауи педагогикалық технологияр

.docx

 

View the embedded image gallery online at:
https://sad11.edu.kz/distemelik-yzmet.html#sigFreeIddb17ec4dc8

 

Название Скачать
1  Ахатова А.Қ .pptx 
2 Байкишева А.У .pptx
3 Суллейменова К.Ш. .pptx




 

«Жұмыс тәжірибесімен бөлісеміз»

     2020 жылдың ақпан айының 20-шы жұлдызында  «№11 бөбекжай-бақшасы» МКҚК ортаңғы топ тәрбиешілеріне арналған қалалық әдістемелік бірлестігі өтті.  «Баланың әлеуметтік тұлғалық дамуын ынталандыратын коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары» тақырыбында жұмыс тәжірбиемізбен бөлістік.

Ортаңғы «Шаңырақ» тобының тәрбиешісі  Ахатова А.Қ «Коммуникация» «Шығармашылық» білім беру салалары бойынша  «Ғажайып құстар» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Балаларға ғажайып сәт ұйымдастырып топқа «тотықұс»  алып келді, сергіту сәтін жүргізіп, «павлиннің» портіретін салды. Негізгі мақсаты балаларды досттыққа, бір-біріне көмек көрсетуге,бала тілінің жақсы жетіліуіне жағдай жасау. Сурет салуда ұқыпты бояуға тәрбиелеу болды.

Ортаңғы «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі тәрбиешісі Утетлеуова Г.Ш.  «Коммуникация» , «Таным» білім беру салалары бойынша «Су асты әлеміне саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Өз жұмыс тәжірбиесімен бөлісті.ҰОҚ-ті барысында Шадаевна балалармен су астына саяхат жасап, балық, теңіз жұлдызы ,сегізаяқ, кит, дельфин, аккуламен таныстырды.

Ортаңғы «Шаңырақ» тобының тәрбиешісі Фаткуллина К.С. «Шығармашылық» білім беру саласы , пән «сурет салу» бойынша дәстүрден тыс сурет салу «сабын көпіршіктерімен» шебер сынып көрсетті.

Психолог: Нурпеисова А.А   «Педагогтарда психикалық эмоцианальді жанудың алдын алу» тақырыбында тренинг жүргізіп келген тәрбиешілерге жақсы көңіл күй сыйлады.

View the embedded image gallery online at:
https://sad11.edu.kz/distemelik-yzmet.html#sigFreeIde78571fada