Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0
«Ақпараттық коммуникативтік технология арқылы ұйымдастырылған оқу қызметінің тиімділігін арттыру»

Үлкен ақпарат ағымында балаларды қоғамға  дайындау, оған ақпараттық мәдениетті меңгеруге көмектесіп,  зерттеушілік қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін дамыта отырып мектепке дейінгі балаларды мектепке даярлау біздің басты мақсатымыз. Осыған байланысты МКҚК №11 бөбекжай-бақшасы тәрбиешілерінің шығармашылық тобы өз жұмысына–«InShot» бағдарламасымен бастады. Бұл технология өзінің жаңашылдығымен және қол жетімділігімен тек педагогтар ғана емес, сонымен бірге біздің тәрбиеленушілеріміздің  ата-аналарын да қызықтырды.

 

Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі «InShot» бағдарламасы ақпараттық қоғамның қарқындылығымен, мультимедиялық технологиялар, электрондық ақпараттық қорлардың кеңінен тарауы, оқытуда, қарым – қатынас жасауда және тәрбиелеуде желілік болып отыр. «InShot» бағдарламасы мектепке дейінгі оқыту процесінің ажырамас бөлігі деп сеніммен айтуға болады. Бұл балалардың жаңа ұрпағына үйреншікті және қолжетімді болып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заман педагогтарына өте қолайлы.

 

Балалар бейнелер әлемі арқылы ақпаратты қабылдайды және есте сақтайды. Қолданылатын технологиялардың тиімділігі оқыту әдістемесін көрсету, бағалау, жекелеген тәсілдерді, педагогикалық жаңашылдықтарды жетілдіріп, білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысының дербес жүйесін қалыптастырады.

 

Мектепке жасына дейінгі балаларға қажетті ақпаратты қалай жеткіземіз? Қалай қызығушылықты оятуға, балаларды сөйлеу белсенділігіне ынталандыруға, жағымды көңіл-күйді бере аламыз ба?

 

Бұл сұрақтарға «InShot» бағдарламасы жауап береді.

 

Бұл нені білдіреді?

 

Слайд 2

 

«InShot» бағдарламасы – еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыруға негізделген ақпараттарды сақтауға, өңдеуге, тасымалдау және бейнелеуді қамтамасыз ететін әдістер мен тәсілдер құралдардың жиынтығы.
Қазіргі заман сатысында бұл әдістер мен тәсілдер және құралдар компьютерлік құрылғылармен өзара тікелей байланысты болып отыр..  «InShot» бағдарламасы коммуникациялық обьектілерінің жоғары интеллектуалды түрде өзара қарым – қатынас жасауларын қамтамасыз етеді. Бұл бағдарлама қолдануға педагогтың еңбек өтілі мен білімі маңызды емес, оның ықыласы мен ұмтылысының болуы маңызды.

 

— педагог балалармен өткізілетін ұйымдастырылған оқу қызметіне   көрнекіліктер таңдап алады;
— қосымша танымдық материалдарды таңдап алады;
— тәжірибе алмасып, басқа педагогтармен танысады;
— топтың құжаттарын, есеп берулерді көркемдейді;
— Рower Рoint бағдарламасы бойынша презентациялар әзірлейді

 

Слайд 3

 

Мектепке жасына дейінгі балаларға қажетті ақпаратты қалай жеткіземіз? Арнайы дайындалған видеосабақтар арқылы балаларға тапсырмаларды орындауын түсіндіріп, жеңіл орындауға көп көмек береміз, олардың іс-әрекеттерінің әрбір қадамының дұрыстығын растаймыз, олардың іс-әрекеттерінің автоматтандырылған тәсілмен бақылап педагог өз уақытын басқа балалармен де қатар жұмыс істеуге  мүмкінік береді. Балалар өздігімен жұмыс істеуді үйреніп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытады. Сондай-ақ оқытудың компьютерлік құралдарын пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың жинақылығын, зейінін, тапсырманы орындауға төзімділігін  дамытуға септігін тигізіп,олардың ынтымақтастыққа талпыну сезімін оятады. Білім алушының қазіргі қоғам сұранысына сай, компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан — жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеп, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

 

Слайд 4

 

«InShot» бағдарламасының заманауй талаптарға сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиясы білім беру барысында сапалы оқытуға жеткілікті дәрежеде қарапайым және тиімді мүмкіндік береді. Ақпараттандыру білім беру және түзету үрдісінің инновациялық идеяларын қарқынды  іске асыруға бағытталған креативті іс-тәжірбиеге кеңінен енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

 

Бұл бағдарлама өзінің жаңашылдығымен және қол жетімділігімен тек педагогтар ғана емес, сонымен бірге біздің тәрбиеленушілеріміздің  ата-аналарын да қызықтырды.

 

Интернет желісінде видеосабақтар, фотосуреттер жасауға,  қол жетімді Movavi, Adobe, Premiere- PO тегін бағдарламалар бар. Соның ішінде біздің бөбекжай-бақшамыз ұйымдастырылған оқу қызметінде «InShot» бағдарламасын қолданамыз.

 

«InShot» бағдарламасымен жұмыс істеу бұл:

 

  • ұқыптылық;
  • нақтылық;
  • берілген тапсырмалардың нәтижелі орындау;
  • басты мәселеге назар аудара білу;
  • өзінің жеке іс — әрекетін дұрыс жоспарлау;
  • дұрыс шешім қабылдай алу.

 

Слайд 5

 

Қалай қызығушылықты оятуға, балаларды сөйлеу белсенділігіне ынталандыруға, жағымды көңіл-күйді бере аламыз? Балаларымен бірге мультфильмдер жасау арқылы. Ең алдымен дәптерге кейіпкерлеріміздің бірнеше суретін салады немесе «InShot» бағдарламасының көмегімен дайын бейнені жинақтайды. Кейіпкерлерді балалар өздері таңдап, сценарийін құрастырып, жандандырады.

 

Қуыршақ анимациясын баламен бірге де түсіруге болады — басты кейіпкерлер пластилин туындылары, тұрмыстық заттар, ас үйдегі бұйымдар және балаға қызықты болатын барлық заттар болуы мүмкін.

 

Мұндай фильмді шығару үшін сізге сандық камера мен шыдамдылық қажет, кадрлар аз өзгеріске ұшырап соғұрлым көп түсіріледі, бейне тегіс және әдемі болады.

 

Мультфильмдер жасау арқылы балаларды сөйлеу белсенділігіне ынталандырып, жағымды көңіл-күйді бере аламыз және пайдалы уақытты өткізуге мүмкіндік береміз.

 

«InShot» бағдарламасы — сапалы видеороликтерді, ұялы телефон арқылы жасауға ыңғайлы. Қосымша Андройт және Айост қолданбалар арқылы суреттерді, фото суреттерді, видеоларды редакциялауға өте тиімді. Бұл бағдарлама тегін және барлығына қол жетімді.

 

Сөйлеуді дамыту үшін: оқылған жұмыстың нәтижесі жиналған кейіпкер болуы мүмкін, оған кез келген бала қажетті сөздерді «бере» алады, ертегісін айтып, кейіпкерді сипаттай алады, сонымен қатар кез-келген өнер туындыларын жеңуге мүмкіндік береді.

 

Осы бағдарламаның көмегімен балалардың қиялын, абстрактілі ойлауын, және пәнге қызығушылықты арттырып, бір жағынан балаларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдарды), көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, меңгерту процесін жеңілдетеді. Балалар видеосабақтар  арқылы тапсырмаларды орындауға  және педагогтардың бақылауына  мүмкінік береді.

 

Бұл құралдың көмегімен сіз бейнені қажетті форматқа оңай қиюға, барлық жерге жапсырмалардың кез келген түрін қоюға, ән қосуға, мәтін қосуға, фильтрмен безендіруге немесе саусағыңызбен бір рет түрту арқылы ерекше эффект жасай аламыз.

 

Бүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда балалардың мүмкіншіліктері кеңейе түсуде. Ақпараттық- коммуникациялық технология арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар баланың тілдік дамуына өз әсерін тигізері сөзсіз.

 

Слайд 6

 

Білім беру жүйесінің ақпараттық ортасы InShot-тың негізгі құралы ол қажетті жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандырумен, сондай-ақ аспаптық құралдармен  дербес жабдықталған.

 

InShot — бұл бейнелік және кескіндік редактор, ол балаларға бүкіл графикалық студияны алмастыра алады. Ондаған функциялар мен технологиялар, жақсы ойластырылған тікелей желілік навигациямен ақпараттық интерфейс бар, сонымен қатар әлеуметтік желілер мен ойын-сауық ресурстарына мазмұнды дайындау үшін оңтайландырылған кеңестер бар.

 

InShot заманауи қоғамда:

 

  • мәтіндік процессорлар;
  • презентациялар;
  • электрондық кестелер;
  • графикалық пакеттер;
  • органайзерлер; мәліметтер қоры және т.с.с. әмбебап қолданбалы бағдарламалар.

 

Слайд 7

 

Көптеген функцияналды қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиынтығы.

 

InShot бағдарламасына суреттерді жүктеу үшін ең алдымен кез-келген браузерден өзімізге қажетті материалдарды жинақтап, оны жүктеп, редакциялауға кіреміз. Мұнда біз бейнені өңдеп алып, дауыстық және музыкалық жазбаны қолдана отырып, қызықты эффектілер мен мәтін қосып, дайын бейнелерді ұялы телефонның жадына сақтаймыз.

 

Сақталған материалды тиімді іздестіруді ұйымдастыру үшін автоматтандырылған бағдарламалар қолданылады. Әр түрлі ресурстарынан мәліметтерді жинау және қолданушыға жылдам қол жеткізуді ұсынады.

 

 Слайд 8,9

 

InShot – креативті видеороликтерді нағыз өнер туындысына айналдыруға мүмкіндік береді. Функцияналды InShot-та көптеген сүзгілер, қайта өңдеу, кесу, қайта форматтау және т.б.батырмалары бар. Мұның бәрі осы қосымшада, ол мүлдем тегін қолданылады. Нәтижесінде, InShot — бұл түрлі эффекттер жасауда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін сапалы бағдарлама. Сапалы эффектілерді алу ешқашан мұндай оңай болған емес.

 

Сонымен қатар бұл әлеуметтік желілер үшін бірінші деңгейлі мазмұнды құруда қол жетімді редактор. Басқа бағдарламалардан InShot-тың ерекшелігі өте ынғайлы мәзір, фотосуреттерді және бейнелерді визуалды өңдейді, эффектілер мен сүзгілер өзгеше, экспорттау әлеуметтік желілерге оңай, көптеген функцияналды.

 

Бұл қосымшаны орнатқаннан кейін, ұялы құрылғының әр иесінің жағымды жұмыс істеуі үшін өзінің креативті редакторы  болады.

 

Слайд 10,11

 

 «INSHOT»  бағдарламасы арқылы,  педагог өз білімін жетілдіріп ақпараттық-коммуникациялық технологиясы еркін қолданады. Ұйымдастырылған оқу қызметін, педагогикалық процесті ұтымды жүргізуге және жақсы нәтижеге қолжеткізеді. Балалардың есте сақтау қабілетін видеороликтер арқылы дамыта отырып, біз бірден нәтиже күтпейміз. Біз бұл өте ұзақ және қиын жұмыс деп санаймыз, оны біз осы оқу жылында жалғастырамыз, бірақ бұл мектеп жасына  дейінгі балалар өздерінің жадтарын басқаруды үйренуі үшін жасалуы керек.

 

«Кім ақпаратқа ие болса, ол әлемді басқарады» деген тіркес бірқатар қанатты сөздерге енгені кездейсоқ емес. Бұл бағдарлама арқылы сіз үшін маңызды материалды оңай жаттап алған кезде, сіз өзіңізді сенімді сезінесіз және көптеген мүмкіндіктерге ие боласыз, сіз энциклопедиясыз. Дұрыс ойлауға үйрену және есте сақтау оңайырақ.

 

Бізге, шығармашылық топқа, «InShot»  бағдарламасы көп нәрсе берді.  Оларды қолдану ұйымдастырылған оқу қызметінде, педагогикалық процесті ұтымды етуге және жақсы нәтиже алуға мүмкіндік берді. Тәрбиеленушілердің жан–жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашты.