Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №11 бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Паспорты

Мекеменің толық атауы:  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №11 бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Мекен-жайы: Костанай облысы ,Костанай қаласы,

7 шағын аудан , 14 а үй

Директор: Сабитова Бейбигуль Бектурсыновна

Ұйымның құрылған  жылы:   1990-негізгі ғимарат

Жобалық қуаты:  330 орын

Мемлекеттік  тапсырма : 300

Ғимарат: типтік

Жалпы көлемі:1946кв.м

Оқыту тілі: мемлекеттік тілде

Тәрбиеленушілердің контингенті: 288

Жас тобы

Топтар саны

Балалар саны

 Кіші жас

4

69

Ортаңғы топ

5

102

Ересек топ

3

71

Мектепалды даярлық тобы

2

46

Мүмкіндігі шектеулі балалар

0

3

 Қызметкерлер құрамы:

Жалпы жұмысшылар саны – 65,

Оның ішінде педагогтар – 35,

Әкімшілік қызметкерлер -3,

Қызмет көрсетуші– 28

Педагогикалық кадрлардың білім беру және біліктілік сипаттамасы:

Жоғары білімді педагогтар

Арнайы орта білімді педагогтар.

Оның ішінде мектепке дейінгі

білімі бар педагогтар

Педагог-модератор

 

Педагог-эксперт

Жоғары санат

Бірінші санат

Екінші санат

педагог

22/ 61%

14/39%

26/72%

9/25%

5/14%

0%

1/3%

6/17%

15/41%

3 жылдық жұмыс нәтижиесі:

Оқу жылы

Көрсеткіштер

Халықаралық

Республикалық

Облыстық

Қалалық

2020-2021

7

30

-

-

2021-2022

5

75

-

-

2022-2023

-

-

-

3

 Материалдық-техникалық базасы:

Компьютерлердің болуы: 8 дана.

Интерактивті жабдық: 1 дана

Принтер саны: 4 дана

Сканерлердің саны: 4 дана

Бейнебақылау камерасы: 40дана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК Әнұраны

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.



Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов


Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!