Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Мен өрт сөндіруші боламын»

«Мен  өрт сөндіруші боламын»

     Бөбежай-бақшамызда  мектепалды даярлық   топтары  арасында  2021 жылдың  ақпан айында жоспарға сай  «Мен  өрт сөндіруші боламын» тақырыбында  күннің екінші жартысына арналған сюжетті –рөлді ойын апталығы өтті.

 

 Бұл   апталықтың  негізгі мақсаты: балаларға өрттің қаншалықты қауіпті екендігі туралы түсіндіру,оттың тілсіз жау екенін ұқтыру. Балалардың өрт қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.Ой өрісін, дүние танымын дамыта отырып түсіндіру.Қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.Балаларды еңбек сүйгіштікке,жауапкершілікке, ұқыптылыққа, ұжыммен бірлесе жұмыс істей білуге,өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.