Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Жас маман-2021»

2021 жылдың наурыз айының 5-ші жұлдызында  жоспарға сай,жас мамандардың шығармашылығын тарату, озат тәжірибені насихаттау, тәрбиешілік  мамандықтың мәртебесін көтеру мақсатында жас мамандар сайысы ұйымдастырылды.

Әдіскер Ахатова А.Қ. және музыка жетекшісі Мухамеджанова К.Б балабақшаішілік сайысты шеберлікпен кәсіби тұрғыда ұйымдастыра білді. Олар  ең алдымен сайысты өткізуге байланысты барлық детальдар, ұйымдастыру шараларын ойластырды. Қатысушылардың бағалау өлшемдерін жасады.Сайыстың ережесі бойынша І тур «мамандығым  мақтанышым»–ашық ұйымдастырылыған оқу қызметтері, көрсету болатын.

Көктемнің алғашқы күнінде “Жас маман - 2021” сайысы  6 кезең бойынша музыка залында жоғары деңгейде өткізілді. Ашылу салтанатында, балабақша  директоры Мажит Г.У. келе жатқан мерекемен  барша педаготарды құттықтап, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Сәлем-сөздің басы» кезеңі бойынша қатысушылар көрерменге өзін - өзі таныстырып, шығармашылықтың көрінісін айқындады. Барлығы осы турда “өнерін, білімін, интеллектісін” көрсетуге тырысты. Бұл кезең сонымен қатар сайыста жағымды атмосфераның қалыптасып, ортаны ізгілендіруге ықпал етті. Тест кезеңінде тапсырмалар қатысушылардың білімі тексерілді. «Ойланамын тездете» - деп аталатын кезеңде жас мамандардың  кәсібилігі, педагогикалық, психологиялық жағдаяттарды шешуі, сондай-ақ тұлғалық мәнді сапалары сияқты әртүрлі қырларын көрсетуге бағытталды. Сайысқа қатысушылар үшін нағыз білім көтеру кезеңі болды деуге болады. «Өнерім өрге жүзге», «он саусағым майысқан» деп аталатын  кезеңдер де өз ісінің шеберлері, талантты мамандарымыздың сахнада өз өнерлерін тамылжыта ән салу, мың бұрала билеу, сахналық көрініс қою жалпы өнер көрсету формаларын айшықты етіп көрсете білді. Тәрбиешінің  әртістік қасиетін танытқан кезең болды.  Әділ қазылар алқасының мүшесі Елеубекова К.Б алты кезең бойынша қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. 1- орынды «Балдәурен» тобының тәрбиешісі, Сембаева Л.Н , 2-орынды «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі, Ергазина Э.Н. 3-орынды «Жұлдызша» тобының тәрбиешесі Жумалина Б.М.иеленді. Бас жүлде иегері -«Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі  Бөкен М.Е. жеңіп алды.