Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Алғыс айту парызым»

«Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің  №11бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында  1-наурыз Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту парызым» атты іс-шара ұйымдастырылыды.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: балаларға «Алғыс айту» күні туралы түсінік беру, бір-бірін сыйлауға, үлкенге ізет көрсетуге, кішіні құрметтеуге тәрбиелеу. Әрқашан жақсылық жасап, «рақмет» сөзін үнемі қолдануға баулу.

Жоспар бойынша  ересек «Ақбота», «Қуыршақ», «Шаңырақ» топтары және мектепалды даярлық «Көгершін», «Балбөбек», «Қарлығаш» топтарында білім беру салалары бойынша ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері өткізіліп, балаларға алғыс күні туралы түсінік берілді.

«Алғысымыз шексіз» тақырыбында  ата-аналардан қашықтықтан  құттықтаулармен, алғыстар арнайы бейнероликтер ақылы жіберілсе, балабақшадағы кезекші топтардағы ата-аналар қабырға газетіне арнайы жүрекшелерге жазылған ізгі тілектерін,құттықтауларын ілді.  .

Өзге ұлт өкілі  орыс тілі мұғалімі   Сметанина Т.Л. бөбекжай-бақшасы ұжымын және барлық қазақстандықтарды «Алғыс айту» күнімен құттықтап, бейне үндеу жіберді.