Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Қош келдің , Әз Наурыз»

«Қош келдің , Әз Наурыз»

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа+ рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.

Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін біздің бөбекжай-бақшасыда ерекше қарсы алды. Барлық ұжым қазақы нақышта тігілген қамзол киіп,топ тәрбиешілері балдаларды наурыз  әнімен қарсы алып , топтар наурызға сай безендірілді. Мектепалды даярлық топтары арасында музыка залында меркелік іс-шара өткізіліп, салт-дәстүр көрсетілді. Кіші ,ортаңғы, ересек  топтары арасында тәрбие сағаттары жүргізіліп ,тәрбиешілер балаларды қазақтың салт-дәстүрімен, ұлттық тағам түрлерімен  таныстырды. Ұлттық ханталапай, арқан тарту, қыз қуу сынды ойындар ойнатылып ,би билеп ән шырқалды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Салт дәстүрлер» арнайы жобасы аясында «Бауырсақ party» акциясы және «dastur» челледжісі бойынша мектепалды даярлық «Балбөбек» тобындағы Самат Іңкәр анасымен бірге бауырсақ қалай жасалу жолын көрсетті. Наурыз мейрамы ерекше тойланды

Орындаған : Меден Т