Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт»

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт»

 

2021 жылдың  сәуір айының 5-9–шы жұлдызы аралығында №11 бөбекжай-бақшасында Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына орай  «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» тақырыбында  апталық өткізілді. Апталыққа бөбекжай-бақшасы  ұжымы ата-аналары және балалар белсенді атсалыса білді. Бұл апталықтың негізі мақсаты: балаларды Ы.Алтынсариннің өмірімен таныстыру және өлең жолдарын жатқа айтуға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балабақаша арасында тығыз қарым-қатынас орнату болып табылды.

Алғашқы күні әдіскер Меден Т. арнайы презентация дайындап Ы.Алтынсарин аталары жайында балаларға қызықты  ақпарат беріп өтті.Екінші күнінде  арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып  балаларға таныстырылды.Мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері арасында «кел балалар оқылық» деп аталатын мәнерлеп оқу жарысы өткізіліп балалар өздерінің өнерлерін ортаға салды.«Ыбырай жаққан шам шырақ» тақырыбынада балалар өз ойларынан суреттер салып ,арнайы  көрме ұйымдастырылыды. Апталықтың соңғы күнінде ата-аналар арасында Ы.Алтынсариннің өлендері жатқа айтудан арнайы челендж ұйымдастырылды. Челенджге ата-налар, мектеп оқушылары сонымен қатар ақ сақалды аталарымызда қатысып белсенділік танытты.