Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 бөбекжай-бақшасы
Ағымдағы жылдың наурыз айында «Қостанай қаласы әкімдігінің Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 бөбекжай-бақшасы» МКҚК қыздар командасы жалпы қалалық қазақтың ұлттық «Ханталапай» ойынына қатысып, бас жүлдені қанжығаларына байлады.Байқау жарияланған күннен бастап,бөбекжай-бақшамыздың дене шынықтыру нұсқаушысымен мен балалар қызу дайындыққа кіріскен еді.Ұлттық ойынымыз бен қазіргі уақыттың технологияларын байланыстыра отырып, байқауға бейнероликті жаңалықтар сюжеті арқылы жеткізіп, жіберу туралы ұсыныс бөбекжай-бақшамыздың директоры Мажит Гүлсім Уалиханқызы түскен болатын.
Жалпы,бөбекжай-бақшасында тәрбиеленушілердің бойында интеллектуалдық, ептілік, дәлділік шеберліктері және де ұжымда жұмыс жасай білу қабілеттерін арттыру мақсатында ұлттық ойындардың әр түрі жыл сайын өткізіліп тұрады. Оның ішінде «Ханталапай» ойыны біздің ата-аналармен балалар және жалпы ұжым ең сүйіп,қызығып ойнайтын ойындарының бір түріне айналды. Осындай ұлттық құндылығымызды жоғалтпай, оны келер ұрпаққа ойын арқылы сіңдіріп жүрген бөбекжай-бақшамыздың дене шынықтыру нұсқаушысы Омарова Сайлау Какимовна.
Ойынға тәрбиеленушілер де үлкен жауапкершілікпен ат салысты. Кішкене қыздарымыз ойын барасында өздерінің алғырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
Алдағы уақытта, ұлттық ойындарымызға әлі де белсене қатысамыз деген ойдамыз .Ал, дене шынықтыру нұсқаушысы мен бөбекжай-ұжымы ұжымы ары қарай ұлттық құндылықтарымызды тәрбиеленушілер бойына сіңіре бермек.