Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт»

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт»

Ағымдағы жылдың  сәуір айының 12-16–шы жұлдызы аралығында №11 бөбекжай-бақшасында Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына орай  «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» тақырыбында  апталық өткізілді. Апталыққа бөбекжай-бақшасы  ұжымы ата-аналары және балалар белсенді атсалыса білді. Бұл апталықтың негізі мақсаты: балаларды Ы.Алтынсариннің өмірімен таныстыру және өлең жолдарын жатқа айтуға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балабақаша арасында тығыз қарым-қатынас орнату болып табылды. Апталықтың алғашқы күнінде «Даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» тақырыбында мектепалды даярлық топтар арасында тәрбие сағаты өткізіліп, Ыбырай аталары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, шығармаларымен таныстырылыды. Екінші күнінде қазақтың ұлттық ойыны «Ханаталапай» дене шынықтыру нұсқаушысы Омарова С.К. жетекшілігімен бөбекжай-бақшаның педагогтары арасында өткізілді.Әдіскер Меден Т. «Брейн-ринг»  яғни педагогтардан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай тест сұрақтарын алып, білімдерін тексерді. Ұжымның педагогтары  «Кітап-ең сабырлы ұстаз» акциясын өткізіп, акция соңын әсерлі әнемен аяқтады. «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында сурет көрмесі  өткізіліп, үздік сурет иегері ынталндыру сыйлығымен марапатталды. Апталықтың соңғы күні  «Оқитын отбасы-оқитын бала» отбасылық челенджбен аяқталдды.