Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

« 22 сәуір Халықаралық Жер күні»

 « 22  сәуір Халықаралық  Жер күні»

 

Жер күні – планетаға деген жауапкершілік әрі адам қызметінің қайтарымсыз салдарына жол бермеуді еске салады. Бұл күнді өзімізге қажетті – таза су, жер мен ауа мерекесі деуге де болады. Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау. Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл күн халықаралық акцияға айналды.

 

Осы мерекеге орай №11 бөбекжай-бақшасы «қаланың тазалығы біздің қолымызда» деп аталатын акцияға белсене ат салысты.  Бұл  сенбілікке балабақша басшысы Мажит Гүлсім Уалиханқызы бастамасымен  барлық ұжым қатысты, сонымен қатар кішкентай тәрбиеленушілерде белсенділік танытты. Барлық ұжым және тәрбиеленушілер  бөбекжай-бақшаның ауласын , ойын алаңдарын қоқыстан тазалап бірлесе жұмыс жасады.