Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

Абайлаңыз кене

Кенеден қалай қорғану керек? Қауіпті жәндіктер шөптің, бұталардың, құлаған ағаштардың арасында болады. Сондықтан табиғат аясына демалуға шыққанда жабық аяқ киім киіңіз. Шалбардың балағын шұлықтың ішіне, ал жейде немесе футболканы шалбардың ішіне салыңыз. Баскиім киюді де ұмытпаңыз.
Кене адам терісіне жабысқан соң, жарты сағаттай шағатын жерді іздейді. Дәрігерлердің айтуынша, кене көбіне бас, мойын, қолтық, тізенің астын шағады екен. Сондықтан бұл кеңесті жадыңызда ұстасаңыз, кененің шағуын алдын алу мүмкіндігіңіз болады.
Сонымен қатар қауіпті жәндіктерден қорғайтын кремдер мен спрейлерді пайдаланыңыз.
Кене шақса, не істеу керек? Егер дәрігерге қаралуға мүмкіндік болмаса, теріге жабысқан қауіпті жәндікке вазелин жағып немесе өсімдік майын құю керек. 5 минуттан кейін пинцет немесе жіп ілгегінің көмегімен жұлып алыңыз.Бірақ абай болыңыз. Кенені денеден алған соң, оны өртеп жіберген дұрыс. Қайнаған суға салуға да болады. Осыдан соң, адамның 3 апта бойы өз денсаулығына мұқият болғаны жөн. Аурудың белгілері анықталған жағдайда (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) бірден дәрігерге тексерілу қажет.
Кене шаққанда не істеуге болмайды?
Дәрігерлер кене шаққан кезде 3 әрекетті жасамауға кеңес береді:
*терідегі кенені сықпау керек. Себебі, кенеде қауіпті вирустар бар. Ол қолдың ашық жаралары немесе тыртықтар арқылы адам ағзасына енуі мүмкін;
*теріге жабысқан кенені жұлмау керек. Өйткені, оны жұлған кезде жәндіктің басы теріде қалып қояды. Салдарынан, жәндіктің улы сөлі адам ағзасына тарайды;
*кенені тіспен жұлуға да болмайды. Қоздырғышты жұқтыру қаупі жоғары болады.
*Айта кетейік,кене энцефалиті адамнан адамға жұқпайды, онымен ауырған адам қоғамға қауіпті емес