Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Жазғы қар» терек мамықтары»

Ата-аналар назарына!

«Жазғы қар» терек мамықтары»


        Жазғы кезеңде «жазғы қар» аталатын теректердің гүлденуі мен пайда болуы тұрғындар мен жедел қызметтерді талай сарсаңға салады.
Терек мамықтары едәуір мөлшерде жылу бөлінумен тез өртенеді және бірнеше минут ішінде тіпті үйді де өртеп жіберуге қабілетті.Тұтанудың негізі сөндірілмеген темекі мен сіріңке, от жұмыстарын жүргізу немесе балалар ойыны болуы мүмкін..

Жазғы кезеңде әсіресе өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет:
- мамықтардың жиналатын орындарын, әсіресе ағаш құрылыстарын үнемі тазартып және су сеуіп отыру ,балалар мен жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу керек;
- өрт қауіпсіздігі бойынша қосымша нұсқаулықтар өткізу.
-үлкендердің балаларға терек мамықтарының (мамықтардың ағын сулардағы шағын тобын жинап көрсету) оқ-дәрі екендігін айтуы қажет.                                                                                     

-сіріңкелер мен оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз ;

-егер сіз көшеде терек мамығымен ойнап жүрген   балаларды көрсеңіз , жанынан өтіп кетпей,оның қауіпті екенін , өрттің шығуы мүмкіндігін түсіндіріңіз.                                                                                                                                  -егер сіз жаныңызда зардап шеккен қайғылы оқиғаның куәгері болсаңыз, бұл туралы дереу құтқару қызметінің 101 телефонына, 112 ұялы телефонына хабарлауды ұмытпыңыз.

Осы қарапайым ережелерді сақтау өрттің алдын алуға мүмкіндік береді.