Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Абай болыңыз»

«Абай болыңыз»

«Балалардың жарақат алуы қазіргі қоғамның күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Бала жарақаттарының алдын алу – бұл әр баланың өмірі мен іс-әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі әдісі. Балалар мен жасөспірімдердің жарақаттары қоршаған ортамен, балалардың өмір сүру жағдайымен және тұрмыс жағдайымен байланысты. Сонымен қатар қоғам мен мемлекет қабылдаған шараларға тікелей тәуелді. Жазғы демалыста балалардың бос уақыты көбірек болады. Олар негізінен өз еріктерінде қалады. Балалар ойындары әрдайым қауіпсіз болмауы мүмкін! Кез келген жауапты ата-ана баласының денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдайды. Балаларды жазатайым оқиғалардан қорғау үшін тек уайым мен сүйіспеншілік жеткіліксіз. Өйткені олар табиғатынан ізденімпаз, ал өмірлік тәжірибенің аздығынан ештеңеден қорықпайды. Бала табиғи қызығушылық пен ересектер тарапынан тиісті бақылаудың болмауына байланысты бірқатар қауіп-қатерге ұшырайды. Оның бастысы: өрт, су айдындарындағы апат, терезеден құлау. Әрбір ата-ана балалардың отпен ойнауынан сақ болу керектігін біле тұрса да, оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретіп, жиі еске салып отыруы қажет.

Есте сақтаңыз!

  • Сіріңке, шырпыны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз!
  • Балаларға пештерді өздігінен жылытуға, газ бен электр құрылғыларын пайдалануға рұқсат бермеңіз!
  • Отпен ойнайтын балаларды дереу тоқтатыңыз!
  • Өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріңіз!
  • Баламен бірге жедел телефон нөмірлерін жаттатыңыз!
  • Жоғарыда келтірілген ұсыныстарды орындау арқылы сіз қайғылы жағдайлардың алдын аласыз!», – деді ол.