Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Кітап білім бұлағы»

«Кітап  білім бұлағы»

Кітап - білім бұлағы. Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендігі бәрімізге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың беттін ашқан сайын оның  әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаса керек. Осы нақыл сөзді ұстана отырып, Қостанай облысы әкімдігі  білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасын негізге ала отырып, мектепалды даярлық топтарымен сенбі күні Ы.Алтынсарин атындағы қалалық балалар кітапханасына және А.С.Пушкин атындағы қалалық кітапханаларға саяхатқа бардық. Саяхат барысында балалар түрлі жазушылардың еңбектерімен  танысып, көп кітаптар көріп қуаныштарын жасыра алмады. Ата-аналарына алдағы уақытта кітапханаға келетіндерін айтып мәз-мейрам болып қайтты. Кітапхана қызметшілері де біздің  балаларды құшақ жая  қарсы алып, кітапхана ішін көрсетіп, таныстырып шықты.Осылайша демалыстың алғашқы күні балалар үшін ерекше есте қаларлықтай өтті.