Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт»

«Қостанай қаласы білім бөлімінің

«№11 бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт»

жобасын іске асыру жоспары негізінде өткізілген іс-шара туралы мәлімет.

 

Тарих – туған жерден басталады, сондықтан әр тұрғын өзі тұрған қаласының, елді мекенінің жері мен азаматтарының тарихы туралы білгені жөн. Сол мақсатпен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11 бөбекжайы» коммуналдық  мемлекеттік қазыналық  кәсіпорнының  мектепалды даярлық тобы «Ақбота» тобының тәрбиленушілері «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт» жобасы негізінде кезекті сенбі күні Қостанай облысының тарихи-өлкетану және ұлы ұстаз, қазақ педагогикасының негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайына барды.

Саяхат барысында тәрбиленушілерге  Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайында ағартушының балалық шағы мен оқуы, Ы.Алтынсарин құрастырған мектеп жүйесі туралы айтылды. Мұражайда жазушының шығармашылығы мен өмірі жайлы кітаптар, оның жеке заттары, Ы.Алтынсариннің кітаптары, мектептерінің макеттері, фотосуреттер, естеліктер жиналған. Экскурсияны жүргізген мұражай қызметкері балаларға түсіндіріп, әр экспонаттың ерекшеліктеріне тоқталып, балалардың танымдық қызығушылығын арттырды. Біздің бүлдіршіндер көптеген мағлұматтар алды.

Келесі саяхатымыз бүлдіршіндерінің ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, балалардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында облыстық тарихи-өлкетану мұражайына жасалды. Балалар өлкесінің ежелгі тарихымен, ерекше этнографиясымен, осы өлкеге ғана тән қайталанбас табиғатымен, жануарлар әлемімен танысып,  елімізге белгілі тарихи тұлғалар туралы кең мағлұмат алды.

Тарихи-өлкетану мұражайы, Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайы – ел және қала тарихы екеніне көз жеткіздік. Мұражайға балаларын әкелген ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. 

 

                                                                                        Дайындаған: Абдибекова  З.Ж