Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

Ертегілер әлемінде

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі.

Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетикалық әдеби қазына. Ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау.

Ертегі—ауыз әдебиетінің асыл мұраларының пікірлерін тыңдайтын болсақ, — ертегінің бала тәрбиесінде, оның танымдық қасиетінің жан-жақты жетілуіне, сөздік қорын байытып, тілін дамытуда маңызды орын алатынын байқаймыз.

Ертегі-әрқашан да біздің балаларымыз үшін ауыз айтып жеткізе алмас ғажайып бір сыйлық, ал ата-аналар, үлкендер, ұстаздар, тәрбиешілер үшін аса қажетті педагогтық көмекші құрал болып табылады.

Бала әрқашанда өзіне ұнаған ертегілерін ешқашан да ұмытпайды, өзінің ең сенімді досындай-ақ есінде сақтайды. Байқап көріңіздерші! Бала әріп танымайтын кездің өзінде-ақ кітап бетін аударыстырып, суреттерді қарап, ондағы өзінің сүйікті кейіпкерелерінің суретін тауып алып, солармен сөйлескендей күбірлеп, олардың ертегідегі істеген кейбір қимылдарын еске түсіріп, өзінің сүйікті кейіпкерімен тілдесіп, сонымен сөйлескендегі болып отырады ғой.

Бала үшін өзінің ертегідегі сүйікті кейіпкері дүниеде бар сияқты, әйтеуір бір күндердің-бір күнінде келетіндей, кездесетіндей болып көрінеді. Баланың бұл ұшқыр қиялы -ертегідегі өзінің сүйікті кейіпкеріне деген бір ыстық сүйіспеншіліктен туған ойы қиялы.

Біздің бөбекжайдың ересек топ балалары кіші топ балаларына ертегілер сахналап,өнерлерін көрсетті.Балалардың бойынан ертегіге деген қызығушылықты, бір біріне қамқорлықты, мейірімділікті, еңбекқорлықтарын көрдік.

Ересек «Қарлығаш»тобы орыс халқының «Шалқан» ертегісін сахналады. Балалар ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киген. Эстетикалық талғамға сай. Балалар ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдап шықты.

Ересек «Ақерке»тобы орыс халқының «Бауырсақ» ертегісін көрсетті. Балалар өздеріне берілген кейіпкердің дауыс ырғағын салып ойнады.

Ересек «Балбөбек»тобы орыс халық «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін сахналады. Ертегі көрнекіліктері ертегіге сай жасалған. Балалар ертегіні музыкамен байланыстырып ойнап шықты. Балалар ертегіні сахналауда биледі де ,ән де айтты.

Кіші топ балаларына ертегілер ұнады.Ертегілерді тыңдай білді.

Ертегілер сахналап болған соң көрген балалармен кері байланыс жүргізілді.  

Адамның бала күнінде естіген, оқығанынан алған әсері көп жағдайда, оның ойында өмір бойы қалып қояды. Қорыта келе, бала психологиясының дамып жетілуінде және тәрбие беруде— ертегілердің алатын орны ерекше.

Бүгінгі заман баласына үлкенді сыйлау, кішіні құрметтей білу, мейірімділікті сіңіре білуде ертегінің әсері өте зор.