Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 22-26 қараша аралығында «Тәуелсіздік –мәңгілік елдің тұғыры» атты іс –шара өтті.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. 

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күніне айналады.

2021 жылы дүниежүзілік картада Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеті пайда болған кезден бастап тура 30 жыл толады. Атаулы мерейтойды атап өтуге кішкентай бүлдіршіндеріміз белсенді бастап кетті.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Тату - тәтті халқымызға бақ қонып,

 Кетпесін туған жердің берекесі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!

дей келе бөбекжаймызда «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» атты іс - шара өтті. Іс –шараны тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер Ән ұранмен бастады. Тәрбиеленушілер Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған тақпақтарын мемлекеттік тілінде және орыс тілінде атты. Ортаңғы топ тәрбиеленушілері «Менің елім Қазақстан» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Ересек топтары патриоттық әндер айтып, «Алға Қазақстан» флеш-моб биледі. Мектепалды даярлық топтары тәрбиелік ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Іс-шарамыздың соңы «Тәуелсіздік -тұғырым» хорымен аяқтады. 

Іс-шаралар бөбекжайымыздың Instagram желісінде sadik11kst2020 және бөбекжаймыздың сайтында http://kst-detsad11.testim.kz/, facebook парақшасында https://www.facebook.com/tileujan.meden/about_life_events орналастырылып отырылады.