Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

2022 жылдың 23-ші ақпанында «№11 бөбекжайы» базасында «білім беру үрдісінде интеграция мен өзара қарым-қатынас жүйесін қолдану жолдары» тақырыбында қалалық ересек топтарының әдістемелік бірлестігі өтті

2022 жылдың 23-ші ақпанында «№11 бөбекжайы» базасында «білім беру үрдісінде интеграция мен өзара қарым-қатынас жүйесін қолдану жолдары» тақырыбында қалалық ересек топтарының әдістемелік бірлестігі өтті. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Анара Сейтханқызы басшылығымен бөбекжайдың тәрбиешілері Ахметбекова А.Б., «Су асты әлеміне саяхат» тақырыптағы кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметін ұсынды, Молдахметова Г.М. «Алтын балық» ертегісін естеріне түсіріп ұйымдастырған оқу қызметін алтын балықты құрастырумен аяқтады. Бөбекжаймыздың педагог –психологі Акышова А.А. «Жақсы көңіл-күй жан шуағы» атты педагог-тәрбиешілерімен мақсаты: ұжымның бірін-бірі тыңдай алуға, жақсы көңіл-күй тудыруға бағытталған тренинг жүргізді.