Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Балалар –назар аударыңдар»

 

2020 жылдың қаңтар айының 15  жұлдызынан ақпан айының  15 жұлдызын қоса  біздің  бөбекжай-бақшасында  «Балалар –назар аударыңдар» атты жол жүру ережесіне байланысты апталық өтуде.

Апталықтың  басты мақсаты:  Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету болды.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса  солай жүріп, доп  қуалайтыны , велосипед,самокат, ролик тебеді ,жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер түрлі жағдайларға душар болады.Жол – көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген балалар жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба ол  қатер  тудырады. Сондықтан әрбір мектеп жасына дейінгі балалар «Жолда жүру ережесін» білуі шарт. Міне, осы мақсатта біздің бөбекжай-бақшамызда  «Балалар –Назар аударыңдар»,-деп аталатын апталық өтті.