Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Мен жас өрт сөндіруші боламын»

 

Бөбежай-бақшамызда  мектепалды даярлық «Ақерке», «Ақбота», «Қуыршақ»  топтары  арасында  2020 жылдың  қаңтар айының 15-17 –ші жұлдызы аралығында «Мен жас өрт сөндіруші боламын» тақырыбында  күннің екінші жартысына арналған сюжетті –рөлді ойын апталығы өтті.

 

Бұл   апталықтың  басты мақсаты:  Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін толықтыру. Қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтынын көрсете отырып, осы мамандыққа деген құрмет сезімдерін күшейту. Сонымен қатар үлкендердің еңбегін сыйлай білуге құрметтеуге  және сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу арқылы ойын кезінде бір-бірімен байланыста бірнеше әрекет түрлерін атқаруын екі киіпкердің қарым қатынас арқылы сөздік қорларын дамыту көзделді.