Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Әнші балапан»

 

2020 жылдың қаңтар айының 30-шы жұлдызында «Әнші балапан»  балалар байқауы  өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты: Бүлдіршіндердің әнге деген қызығушылығын арттыру, жалпы өнерге  деген қабілеттерін шыңдау.

Байқауға ересек,мектепалды даярлық  топ тәрбиеленушілері қатысты.Айта кететін болсақ,осы байқауға түрлі халықаралық сайысқа қатысқан жүлдегер өнерпаз балаларда өз бақтарын сынады .

Өнерпаз балаларға алдын,ала әндері беріліп,дайындықтар жүргізілді.

Әр өнерпаз өзін талапты екенін көрсетуге тырысты.Жаңадан ортаға шығып өз өнерлерін еркін көрсете білген бүлдіршіндерді атап өтер болсақ ,Жұмағали Айару,Қали Айлана, «Тамшылар» тобы бірінші шығып ,ортаға өнер көрсетсе де, өздерін еркін ұстап,тональностен шықпай әнді нақышына келтіріп орындай білді. Өнерлі тартыс қызықты,көңілді өтті. Байқау әділ өту үшін арнайы Әділқазы алқалары сайланды.

Халықаралық байқаудан жүлделі орынға ие болып,осы байқауда да бағын сынағандар Шөптібай Зере, «Балдырғандар» тобы мен Жомарт Жансая сынды өнерпаздар ерекше өнерлерін ортаға салды.

 

 

Заман талабына сай өнерлі балалардың қызықты және тартымды сәттеріне  көрермен қауымы куә болды.  Әр орындаушының ән орындау мәнерін, сахнада тұрып орындауын  суреттер мен бейне таспаға түсірілді.

Байқау соңында әділқазы алқалары бүлдіршіндерді марапаттап,сыйлықтарын табыс етті.

Біздің ойымызша осындай өнерлі тәрбиеленушілерді алдағы уақытта көбірек байқауларға дайындап тұратын болсақ, біздің өнерге қосқан үлесіміз деп білеміз.