Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Білім жолымен» олимпиада

2020 жылдың ақпан айының 28-ші жұлдызында мектепалды даярлық топтар арасында «Білім  жолымен» тақырыбында олимпиада өтті.

 

Негізгі мақсаты:Балалардың білімділік дағдыларын байқау, олардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, ынтасын арттыру, дүниетанымын кеңейту; Логикалық – ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тіл байлығын, сөздік қорын молайту. Балаларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу.

 

Міндеттері : Балалардың денсаулығы мен психологиялық ахуалын қамтамасыз ету; Рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнын құрайтын жалпы адамгершілік құндылықтарға баулу; Күнделікті бірлесе атқаратын іс-әрекеттер барысында баланың бойын адамгершілік қарым-қатынасқа баули отырып, олардың талап-тілектерімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту; Коммуникативтік дағдырлары мен біліктіліктерін арттыру;

 

Олимпиада 3 кезеңнен тұрды:   

 

 I- кезең «Біз мектепке барамыз»  

 

II- кезең «Бәрін білгім келеді»

 

III- кезең «Ойна да ойлан» деп аталды.

 

Аталмыш олимпиадаға мектепалды даярлық «Ақбота», «Ақерке», «Қуыршақ» топтары қатысты.Жарыс тартысты әрі қызықты өтті, балалар берілген тапсырмаларға  қызығушылықпен белсенді жауап берді. Топ капитандары карточка арқылы «Қарама-қарсы сөздерді» (антонимдер) табуға тырысты, осы тапсырманы «Ақерке»  тобы жеңіп шықты.

 

Олимпиаданы қортындылай  келе,»Ақерке» тобы- І орынға, «Қуыршақ» тобы- ІІ орынға , «Ақбота» тобы- ІІІ орынға ие болды.