Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Ертегілер еліне саяхат»

Қазіргі қоғам дамуына сай ертегілердің балалар өміріне берер пайдасы өте мол. Ертегілер тек қана балаларың ақыл-ойларын, қиялдарын дамытып қоймай, сонымен қатар сөздік қорларын молайтады, сөйлеу мәдениетін дамытады.

 

Міне осы себептенде 2020 жылдың ақпан айының  17 мен 20-шы  жұлдызы аралығында күннің екінші жартысында бөбекжай-бақшаның педагогтарының қатысуымен  «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында ертеңгілік апталығы өткізілді.

 

Апталықтың негізгі мақсаты: Балаларға жақсы көңіл күй сыйлау. Ертегі кипкерлерімен таныстыру. Балалардың ой-қиялдарын, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.

 

Ертегі апталығына ұжымның барлық педагогтары жақсы ат салысты. Балалардың көңіл күйлерін көтеру мақсатында түрлі ойындар ойнатып, әндер шырқатып, қимылды жаттығулар жасады.

 

Кіші жас, ортаңғы, ересек топ тәрбиешілері ролдерге бөлініп «Бауырсақ», «Шалқан»,«Мақта қызбен мысық», «Қызыл телпек» ертегілерін қойса, мектепалды даярлық топ тәрбиешілері  қуыршақ театырын қойды.  Осы апталықтың  соңғы күнінде педагогтар әр түрлі киіпкерлердің киімдерін киіп балалармен ойындар ойнап, флешмоп биледі.