Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Біз бақытты баламыз»

 

Бүкіл әлемде 1 — ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірі саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке,

 

 

баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі — балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етілді.
1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ойын-сауық мерекесі  біздің бөбекжай-бақшамызда да   аталып өтті.Тәрбиешілер өз топ  аландарын түрлі-түсті шарлармен, жалаушалармен безендіріп мерекеге ерекше дайындалды.  Аулада түрлі ойындар ойнатып, ертегі кейіпкерлері қонаққа келді. Балалар түсті борлар мен  өз қиялдарындағы суреттерді жерге бейнеледі.Мерекеде спорттық ойындар ойнатылды. Балалалар үшін бүгінгі мереке қызықты өтті.