Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

Рәміздерім елдігімнің белгісі

Бүгін-мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

 

Мемлекеттік рәміздер — бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады. «Мемлекеттік рәміздер — бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер болып табылады.

 

Осы атаулы мерекені біздің ұжымда белсенділік танытты. Бөбекжай-бақшаның басшысы бастаған педагогтар мен тәрбиешілер Қазақстан Республикасының ән ұнанын бірге шырқап, балаларға арнайы тәрбие сағаттарын жүргізді. Әр топ тәрбие сағатын Қазақстан Республикасының ән ұранымен бастап, рәміздерді көрсетіп ,түсіндіріп, тәрбие сағаттары түрлі дидактикалық ойындармен жалғасты.