Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Мейірімділік -асыл қасиет»

Мейірімділік -адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.

 

2020 жылдың  қазан айының 5-ші жұлдызымен 9-шы жұлдызы аралығында  бөбекжай-бақшада «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында апталық өтті.

 

Апталықтың негізі мақсаты: ашық ұйымдастырылған  оқу қызметі барысында  балаларға мейірімділік ізгі қасиет туралы түсіндіру, үлкенге  қамқор, болуға кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Бала бойына  адамгершілік қасиеттерді терең сіндіріп, кішіпейіл, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу.

 

Осы апталықты жүзеге асыру барысында мектепалды даярлық топ  тәрбиешілері ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді және  серуен барысында балалар қыстап қалатын құстарға ұя жасап, балабақша ауласын тазалауға көмектесті.