Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

Арайлы, алтын күз!

Міне,қабағын түйіп жаңбырлы күз де келді. Күз –молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.

 

Осы тұста №11 бөбекжай-бақшасында қазан айының 26-шы жұлдызымен 29-шы жұлдызы аралығында  «Арайлы алтын күз» тақырыбында  балаларға арналған барлық топтар арасында мерекелік ертеңгілік  өтті.

 

Ертеңгіліктің негізі мақсаты: балаларға көтеріңкі көңіл сыйлау отырып, күз туралы мағұлмат беру, күз байлықтарымен таныстыру,шығармашылыққа баулу.

 

Аталмыс іс-шара ата-аналардың қатысуынсыз өткізіліп,ата-аналарға видео,фото түрінде whatsappp әлеуметтік желісі арқылы жіберіліп отырылды.

 

Табиғаттың осынау сұлулығын, байлығын, жемістер мен көкөністердің адам өмірінің денсаулығына мол пайдасы бар екендігін бүлдіршіндерге жеткізу мақсатында өткізілген, бұл іс-шара балаларға ерекше қуаныш сыйлады үлкен әсерге бөледі.