Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Күз кереметі» көрме

 Күз дегеніміз, біріншіден, байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім. Сондықтан далалық күзді «алтын күз» дейді. Күз — қауырт жұмыстың кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды». Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың. Қысқа адам да, аң да, барлық жан — жануарлар да дайындалады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. Күзде күн қысқарып, түн ұзарады, жауын — шашын көбейеді. Міне, сондықтан да күздің осындай әрбір ашық күнін пайдаланып, мол өнімді тез жиып алу керек.

 

Осыған орай, ата – ана мен балабақша арасындағы тығыз қарым – қатынасты орнату  мақсатында   №11 бөбекжай-бақшасында «Күз кереметі» атты мерекелік көрме ұйымдастырылды.

 

Бұл көрмеге ата-аналар күзде пісетін дәнді дақылдардан балаларымен жасаған өздерінің қол өнерлерін алып келді. Ата –аналар өздерінің жұмыстарында баланың қиялындағы күзгі табиғат көрінісін, ертегі кейіпкерлерін әсем бейнелеп көрсету арқылы баланың қиялын дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлестерін қосты.Балабақша балалары  көрмені қызыға тамашалады