Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№11бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
0

«Қазақстан-біздің ортақ үйіміз»

Сайысымыздың мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.Ата-аналардың бөбекжай-бақшасымен, тәрбиешімен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

 

Бөбекжай-бақша— отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

 

Отбасы — Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Атамыз қазақ «Бала — адамның бауыр еті», «балалы үй — базар» дейді. Өйткені бала — өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан — жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

 

Сайыс аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы спорттық сайыс түрінде өтті. Сайысқа мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері мен ата-аналар қатысып, «Көгершін» тобының ата-аналары жеңіске жетті.